GALAKSI GROUP компаниясы 1994 жылы Орта Азия елдеріндегі өндірісті инвестициялау мақсатында құрылды. Компанияның негізгі бизнесі пластиктен жəне алюминийден жасалған профильдер өндірісімен байланысты. Компания Қазақстан нарығында да өз бизнесін сенімді түрде жүзеге асырып келеді. Компанияның бас кеңсесі жəне өндірістік нысандары Алматы қаласында орналасқан.

1996 жылы компания барлық өнімдерді Түркия, Германия, Қытай секілді өзге елдерден импорттады. Алайда, уақыт өте келе қажетті материалдарды импорттағаннан гөрі, оларды осында өндірудің тиімді екенін байқады, жəне инвестицияларды Қазақстанда əлемдік өндіріс сапасы стандарттарына сəйкес өндірісті дамыту ісіне бағыттай отырып, өзінің стратегиялық жоспарларын өзгертті.

Компания алюминийден жасалған профильдер өндірісімен айналысатын «Alugal» зауытын ашты. Құрылыс бағытында пайдаланылатын жоғары сапалы алюминий профильдер өндірісі компанияның отандық өндіруші ретінде қалыптасуы жолындағы келесі қадам болған еді, жəне ол ел экономикасына құйылған қомақты инвестицияға айналды.

2006 жылы «Galwin» зауыты ашылды жəне ол Қазақстандық климатқа бейімделген терезелерге арналған пластик профильдер өндірумен айналысатын ірі инвестициялық жоба болды.

2016 жылы Дубай (БАƏ) жəне Дюссельдорф (Германия) қалаларында кеңселер ашылды.

2017 жылы компанияның атауы Sieger WDF болып өзгертілді.

Жоғары